Асылбек: -Жолға азықсыз шыққанды көрмеппін!
деді сенімсіздік білдіріп.
Шал:-Жол жөнекей совет нөкерлері қуып жетті. Колхозға кірмесең аштан өл деп бүкіл азықты алып кетті.
Асылбек: – Ата, олжаны бөлісейін. Түгелдей бере алмаймын.
Шал:- Рахмет балам, аруақтар қолдысын. Жүзің ашық екен балам, мен шал болдым. Немеремді бұдан әрі асырауға мұрша жоқ. Саған ертіп жіберсем болар ма екен?
Асылбек: -Жоқ ата. Қоянды бөлісейін. Немереңді асырайтын менің де әлім жоқ. Екі інім бар аш отырған.
19-шы көрініс
Таң атты. Есектің ақырғаны Асылбекті оятып жіберді. Асылбек күркеден шықты. Есік алдында Мадина тұр жылап. Қасында арба жеккен есек.
Асылбек: Айттым ғой шалға кеше! Қайт атаңа!
Мадина: -Атам өліп қалды.
Деп жылап тұр.
Асылбек:-Енді не істей аламын. Маған да өл дейсің бе? Тамақ жоқ бізде.
Мадина: -Мені әйел ғып ал!
Асылбек: -Маған әйелдің қажеті жоқ! Есегіңе мін де жүре бер. Жолда бір ауылға кезігерсің. Байды басқа жақтан ізде.
Мадина: -Мен ешқайда бармаймын! Өлсем – осында өлемін!
Күркеден Әділбек пен Нұрлыбек шықты.
20-шы көрініс
Асылбек бүгін олжалы. Екі қоян, бір қырғауыл және 1 сарышұнақ. Күрке алдында есек әлі тұр. Мадина Әділбек пен Нұрлыбекке сандығын көрсетіп жатыр.
Әділбек: -Ал мынау не үшін керек?
Мадина: Саусағыңа тағып, етік тіккенде инені итересең.
Нұрлыбек: Мен үлкен болғанда етік тігемін!
Әділбек: Сен аңшы болам деп едің ғой!
Нұрлыбек:-Аңшы да боламын, етікші де боламын!
Асылбек: -Ал қазір су тасушы боласың! Әділбек, ал сен құстың жүнін жұлғыш боласың!
Асылбек (Мадинаға қарап): -Сен кім боласың?
Әділбек пен Нұрлыбек:-Ол сенің әйелің болады! –
деп күлкіден аунай бастайды
Мадина Асылбекке қарайды.
Асылбек (Мадинаға):-Боласың ба?
Мадина Асылбекті құшақтай кетеді.
Мадина: Боламын…
деді ақырын ғана.
21-ші көрініс
Мадина, Әділбек пен Нұрлыбек асық ойнап отыр.
Мадина: -Мына асық Көке болады. Ең үлкені ең мықтысы. Ал мына асық Әділбек болады.
Нұрлыбек:-Ал мен мына асық боламын!-
деп қалтасынан үлкен асықты шығарады.
Әділбек: -Жоқ! Неге сен менен үлкен боласың?
Нұрлыбек:-Ол менің асығым ғой! Мен боламын!
Әділбек:-Жоқ! Басқа асық таңда!
Нұрлыбек:-Онда бұл асық кім болады!
Асылбек (арттарынан келіп): -Ол асық есек болады! Оған арба жегеміз!
деп бәрі күліп жіберді.
22-ші көрініс
Үйдің кіре берісін қар басып тастаған. Күркенің ішінен Әділбек қарды итеріп әрең шығады. Аяғында киізден шала жасалған пима. Денесі жалаңаш. Үйден 3-4 қадам жасап қарға дәретін алады. Қармен көтенін сүртіп үйге кіріп кетеді.
23-ші көрініс
Қар борап тұр. Күркенің төбесінен түтін шығып тұр.
Әділбек жөтеліп жатыр.
Мадина: Бүгін шықпай-ақ қоясың ба? Боран үрілдеп жатыр!
Асылбек: Әділбекке сорпа ішкізу керек. Бір сәті болар. Борсықтың майын аяма, жаға бер- деп шығып кетеді.
Мадина ағаш кесені алып Әділбектің арқасына май жаға бастайды.
24-ші көрініс (50 секунд)
Қыс. Асылбек қақпандарын тексеріп жүр. Ештеңе жоқ.
Бір кезде алдында қасқырды көрді. Қасқырдың алдында жаралы сайғақ жатыр. Қасқыр Асылбекке көз алмай қарап тұр. Асылбек те одан көз алмайды. Қалтасынан ақырын қанжарын суырып алды. Қасқыр ырылдай бастайды.
Асылбек үнсіз. Қасқыр Асылбекке ұмтылады. Екеуі арпалысып қарда аунап жатыр. Біраз арпалыстан кейін Асылбек қанжарын қасқырдың ішіне бірнеше-рет сұғып үлгереді. Қасқыр жанын берген үнін шығарады.
25-ші көрініс
Асылбектің үсті қан-қан. Сайғақ пен қасқырды суйреп үйге келеді. Мадина күркеден атып шықты.
Мадина:-Амансың ба?! Мынау кімнің қаны?
Асылбек (әлсіз отыра бастайды): -Қорықпа, менікі емес.