Асылбек: Нұрлыбек қайда?
Мадина: -Балалардың бәрін таңертең көрші ауылға егіске алып кетті
33-ші көрініс
Егіс. Әйелдер егіс егіп жүр. Колхозшы бір топ балаларды ертіп келді.
Колхозшы: -Ай қатындар! Көмекшілерді қабылдаңдар!
Әйелдер балаларға қарады. Кенеттен –Апааа!!! -деген дауыспен бір бала топтан атып шықты.
Бала (жылап):-Апа!Апатай!
Шешесі (жылап):-Балам! Балапаным!
Бала (жылап):-Апа!
Шешесі (жылап):-Жаным, құлыным кешір мені!
Бала:-Апааа!
Шешесі:-Кешір мені!
Бала: -Кештім!Кештім! Тастамашы мені!
Шешесі:– Ешқашан! Ешқашан тастамаймын!
Қалған әйелдер көздеріне жас алып жатыр.
Кейбір балалар еңіреп жылай бастады!
Нұрлыбек анасын көзімен іздеп жүр! Көзі жасқа толған!
34-ші көрініс
Асылбек атпен егіске шауып келді. Артында Мадина отыр.
Асылбек Нұрлыбектің қасына шауып келді.
Нұрлыбек: -Көке!
Асылбек:-Кел алдыма отыр! Тез!
Нұрлыбек (жайғасып жатып): Қайда барамыз?
Асылбектің артынан дауыс естілді:– Иә, қайда бармақсың?
Артында тапаншасын ұстап Колхозшы тұр.
35-ші көрініс
3 ай өтті.
Кеш. Киіз-үйдің қасына ұрланып, жауынгердің киімін киген, бір жігіт келе жатыр. Есіктен сығалап тұр.
Үй ішінде Мадина талқан жасап отыр. Қасында Нұрлыбек тонға оранып жатыр.
Нұрлыбек: -Апа, ертегі айтып берші.
Мадина: -Қандай ертегі айтайын?
Нұрлыбек: -Көкем Ер-төстікті айтатын.
–Ерте-ерте ертеде -деп Асылбек есіктен аттап кіреді.
Нұрлыбек пен Мадина (атып тұрады):– КӨКЕ!
Титрлар кетті.
1931-33 жылдары Қазақстанда совет үкіметінің қазақтарды колхоздандыру саясатын жүргізуі салдарынан аштықтан 2 000 000-ға жуық адам қаза тапты. 300 000 мыңға жуық қазақ шетке ауып кетті.
Асылбек 1941 жылы ұлы отан соғысында Сталинград майданына қатысты. 1944 жылы жараланып туған ауылына қайтып келді. Мадина оған 4 ұл тауып берді.
e-mail: zhanat777@gmail.com