bannerbannerbanner
полная версияҚазақша ашылып сайрау

Серік Асылбекұлы
Қазақша ашылып сайрау

Полная версия

Көмекбай. Түһ, сен қайдағыны айтып кеттің өзі?! Жұрттың өсегіне еріп қарадай бүлініп. Өллә-біллә, Зибаш екеуміздің арамызда ондай ештеңе болып көрген емес сенсең.

Рысты. Сенбеймін мен саған. Сенсең дейді ғой маған ещё періште секілденіп. Әнеукүні мен «Қызылқайраттағы» Жарықбас қайнағаның құдалығына кеткенде үйге қонбапсың? Қайда жүрдің сонда? Өй, түрің құрсын сенің, түрің, жабайы мысыққа ұқсаған!.. Көздерін қараш жабайы мысықтың көзіндей ежірейіп кеткен.

Көмекбай. Оны саған кім айтты?

Рысты. Кім айтты дейді бұл ещё ұялмай, ә?! Кім болса, сол айтты! Сенен басқа жұрттың көзі жоқ дейсің бе? Бар, бар ғашығыңа, шеріңді тарқат. Ақ балтырына басыңды қойып, жыла көзіңнің сорасын ағызып. Бүлдіргі!..

Көмекбай. Әй, мен шерімді қатындарға ақтармаймын, білдің бе?!

Рысты. Бар, бар, кімге ақтарсаң да. Тек түн ішінде мас болып келіп, мазамды алма. Ана балаларыңның алды жігіт, қыз болып қалды. Тым болмаса енді солардан ұялсаңшы.

Көмекбай енді Құдай қосқан қосағының соңғы айтқан сөздеріне не уәж қайтарарын білмей орнына атып тұрып, төрдің алдында сәл-пәл состиып тұрып қалады да, сонан соң бәріне қолын бір сілтеп, киілгіштегі курткасын алып, есікті сыртынан тарс жауып, шоланда жатқан бәтеңкесін сірісінен баса-маса аяғына сұға салған күйі ауыл орталығындағы азық-түлік дүкеніне қарай бет алады.

№ 2 көрініс

Көмекбай азық-түлік дүкеніне келіп кіреді. Прилавканың ар жағындағы ақ борықтай әдемі келіншек Зибаш оны ескі танысындай жылы қарсы алады. Зибаштың үстіндегі шатырдай ақ халат пен басындағы аппақ қардай телпек оны одан сайын ажарландырып тұр.

Көмекбай. (Прилавкаға жақындай беріп, солғындау үнмен). Сәлем…

Зибаш. (Көздері жылыұшырай күлімдеп). Сәлем-сәлем!.. Немене, ауырып қалғаннан саумысың? «Настроениең» нәскиіңе түсіп кетіпті ғой.

Көмекбай. Жо-жоқ… Жай. Кішкене басым ауырыңқырап.

Зибаш. Әлде кеше біреулермен ішіп қойып па едің?

Көмекбай. Жоқ, қайдағы…

Зибаш. (Көмекбайға жақындай түсіп, сүйріктей аппақ саусақтарымен оның бетін аялай сипап). Сақалың да өсіп кетіпті. Тікенек-тікенек… Қырынып жүрсеңші! А то біртүрлі шал секілді болып барасың.

Көмекбай. (Ептеп көңілденіп, дүкен витринасының ар жағындағы қабырғада ілулі тұрған үлкен шарайнаға қарап). Қырынамыз ғой. Шынында да, шал секілді болып барам ба?

Зибаш. Ойнап айтам. Сен жігіттің сұлтанысың ғой, Элвис Преслиге ұқсайсың. Әйтпесе Зибаштың анау-мынау еркекке көз салмайтыны белгілі емес пе.

Көмекбай. Дегенмен мен енді он-он бес жылдан кейін шынымен шал болам ғой, со кезде қарамай қойып жүрмеймісің?

Зибаш. Мен сені сақалың қудай ақсақал болсаң да, жақсы көріп өтем өмір бойы. Өйткені сен жақсысың, сенің жаның жайсаң. Онда сенің Рыстыңның мұрнына иісі де бармайтын, тек мына мен ғана түсінетін талай кереметтер бар.

Көмекбай. Рахмет, жаным. Сенің осы өмірде бар болғаның қандай жақсы. Әйтпесе…

Зибаш. Әйтпесе не?..

Көмекбай. Әйтпесе мына тіршілікте еш мән қалмай барады емес пе. Кейде тіпті өзіңнің не үшін өмір сүріп жүргеніңді де білмейсің. Әйтеуір үнемі бітіп болмайтын бір сылп-сылп жүріс, таусылмайтын шаруа…

Зибаш. Қойш, олай демеші. Тым болмаса мен үшін өмір сүрсеңші. Айтпақшы, бүгін түнде әйеліңнен жасырынып, кіріп шыға аласың ба маған шамалы уақытқа? Жеңісжан қазір каникулда ғой, бір жетіге папамдардікіне кеткен.

Көмекбай. Қайдам, бүгін соның реті қалай болатынын. Егер баратын болсам, күні бұрын «соткамен» звондаймын ғой.

Зибаш. Жарайт. Ал бұйымтайыңды айт енді.

Көмекбай. (Қипақтап). Қарызға бір бөтелкі ақ берші, сосын бір «пәшкі» сигарет.

Зибаш сөрелердің бәрінен бір шиша ақ арақ пен бір қорап темекі алып, оларды целлофан пакетке салады да, Көмекбайға ұсынады.

Зибаш. Тағы не керек? Ұялма, айта бер.

Көмекбай. Жоқ, осымен болды. Зибаш, рахмет саған. Жуырда кооперативтен ақшамды алам, сосын барлық қарыздарымда қайтарам ғой. Жарай ма?

Зибаш. Өй, қойш соны әңгіме қылмай. Жаным, менің бар тапқаным сенікі емес пе?

Көмекбай. (Зибаштың бетін аялай сүйіп). Рахмет.

Зибаш. Жақсы онда, көріскенше.

Көмекбай Зибашпен қоштасып, дүкеннің ауласына шығады. Дәл осы сәтте оның алдынан көршісі Ермек ұшырасады.

Көмекбай. Ассалаумағалейкүм, көрші!..

Ермек. Әликүмұссалам.

Көмекбай. «Жолы болатын жігіттің жеңгесі шығар алдынан» демекші, Ереке, жақсы кездестің. Мен тап қазір өзіңді іздеп бара жатыр едім.

Ермек. Жай ма?..

Көмекбай. (Кінәлі пішінмен желкесін қасып). Жай болғанда… Жай ғой енді. (Қолындағы пакетін нұсқап). Менде бір жарты бар еді. Соның былай… басына су құйып тастасақ қайтеді.

Ермек. (Күмілжіп) Су құйып деймісің?..

Көмекбай. Иә-иә!.. Кішкене шер тарқатысып дегендей…

Ермек. Шер тарқатысып дейсің, ә?.. Дұрыс қой, бірақ…

Көмекбай. Оның үстіне Құдайы көршіміз. Әңгімелеспегенімізге де көп болыпты өзі. Отырайық та кішкене оны мұны айтып. Өзбектерше айтқанда, «гәплешіп».

Ермек. Дұрыс қой, дегенмен соның бүгін реті келмейді-ау.

Көмекбай. Неге?!

Ермек. Кешке Жарбосынның үйі шақырып кеткен.

Көмекбай. Немене, туған күн бе?

Ермек. Жоқ, Алматыдан бір сыйлы қонақтар келіпті. Нағашылары көрінеді. Айтпақшы, сендерді шақырмады ма?

Көмекбай. Жоқ.

Ермек. Бұрын аяқ-табақтарың араласып тұратын секілді еді ғой дегенім ғой.

Көмекбай. Сағат нешеге шақырып еді?

Ермек. Жетіге.

Көмекбай. Ойбай-ау, оған дейін әлі бақандай екі сағат бар ғой. Біз бұның басына бір жарты сағатта-ақ су құйып бітіреміз, сәтін салса.

Ермек. (Басын шайқап) Жоқ, Көмеке, мені қинама. Сыйлы кісілердің үстіне арақ сасып, ішіп барған ыңғайсыз ғой. Және қазір жарты сағаттан кейін қаладан бір кампаньеондарым келмек. Олармен де кішкене әңгіме бар. Келісімшарт түзуіміз керек.

Көмекбай. (Ұнжұрғасы түсіп). Жақсы.

Ермек. (Маңғазданып) Жақсы, көрші, ренжіме.

Екеуі екі жаққа кетеді.

№ 3 көрініс

Шер тарқатысуға қасына серік іздеген Көмекбай Ермекпен қоштасқаннан кейін ауылдың келесі шетіндегі бір кездегі сыныптасы Әлайдардың үйінің ауласынан келіп шығады. Аулаға кірсе, Көмекбайдың мұның бесінші сыныптағы қызымен бірге оқитын борсаңбай сарысы Жанайдар бір жас қоразды жан таптырмай алай-бұлай қуалап жүреді. Көмекбай соларға қарап, қақпа алдында бірер минут селтиіп тұрып қалады. Ал борсаңбай сары бұның аулаға кіргенін байқамаған тәрізді, бейшара қоразға жан таптырар емес.

Көмекбай. (Жанайдарға) Әй, сәлем қайда?!

Бет-аузы моншадан жаңа ғана шыққандай қызара бөртіп, қара терге түскен сары сонда ғана бұған жалт қарап, қалт тұра қалады. Көздері ежірейіп, екі танауы делдиіп кеткен.

Жанайдар. Ассалаумағалейкүм!..

Көмекбай. Әликсалам… Әй, ана қораз байғұсты өлгенше қуып алаөкпе еттің ғой. Әкең Әлайдардың алынбай қалған ақысы бар ма онда?

Жанайдар. Жоқ.

Көмекбай. Онда неге соншама қуалайсың?

Жанайдар. Өзі ғой, тауықтарға тыныштық бермейт.

Көмекбай. Тауықтарға тыныштық бермесе, бір жұмысы бар шығар. Айтпақшы, сен осы менің Бақытгүліммен бірге оқиды емеспісің?

Жанайдар. Иә, бәріміз бесінші «А» сыныбын да оқимыз.

Көмекбай. Атың кім

Жанайдар. Жанайдар.

Көмекбай. Імм…Жанайдар Әлайдаровпын де.

Жанайдар. Иә.

Көмекбай. Әкең үйде ме?

Жанайдар. Иә, үйде.

Көмекбай. Шақыр онда әкеңді. Көмекбай көкем келіп тұр де. Сен өзі мені танисың ба?

Жанайдар. Танимын ғой, сіз папамның сыныптас жолдасысыз.

Көмекбай.Жарайсың. Сен осы ана әкеңе қарағанда ақылдырақсың-ау деймін. Онда шақыр Әлайдарыңды, сыныптасың келіп тұр де.

Жанайдар. Үйге кіріп, өзіңіз сөйлеспейсіз бе?

Көмекбай. Жоқ, асығыспын.

Жанайдар. Онда қазір…

Жанайдар зып беріп, үйіне кіріп кетеді. Аздан соң жаңағы борсаңбай сарының үлкен түріӘлайдар шығады аулаға. Қарны алдына төңкерілген, орта бойлы, төртбақ жігіт ағасы алғашында жан-жағына алақтап, тұрып қалады – шамасы қақпа алдындағы нән қарағаштың тасасында қалған Көмекбайды әп дегенде байқамай қалған тәрізді.

Көмекбай ағаштың қалқасынан шығып, бері жүреді.

Көмекбай. Немене, тауық соқыр болып қалғанбысың?

Әлайдар. Өй, мұнда тұр екенсің ғой. Тауық соқырдан Құдай сақтасын. Біздің бәйбіше сені ішіп алғанда қараңғы сарайға қамап қоятын Рысты секілді мені ондай қапасқа қамап көрген емес. Ал тауық соқыр деген сондай қараңғыдан болатын ауру ғой.

Көмекбай. «Сәбәкі», мешін жылғыны ұмытпайсыңдар, ә?! Сонда да сендердің кесіріңнен ғой қамалып жүргенім.

Әлайдар. Иә, бала-шаға аман… Үйге кірмеймісің?

Көмекбай. Жоқ, асығыспын.

Әлайдар. Ал онда құлағым сенде.

Көмекбай. (Кінәлі пішінмен желкесін қасып). Бір жарты бар еді. Соны екеуміз былай…

Әлайдар. Нетіп тастасақ дейсің ғой.

Көмекбай. Иә, солай… нетіп тастасақ. Бір кішкене шер тарқатып дегендей…

Әлайдар. Дұрыс қой, бірақ…

Көмекбай. Кластас деген атымыз бар. Бір ауылда тұрып, көптен бері кездеспеппіз де.

Әлайдар. Жұмыс қой енді. Бала-шаға қамы, тіршілік дегендей.

Көмекбай. Бәріміздің де жұмысымыз, бала-шағамыз бар ғой. Сен енді бір сағат уақытыңды бөлші мен үшін бүгін. Айтатын әңгіме бар.

Әлайдар. Көмеке, мені қинама.

 

Көмекбай. Не боп қалды сонша?

Әлайдар. Қазір бір сағаттан соң Ниетәлі келеді. Ауданға апарып тастайтын бір машина картобы бар екен. Соған жүрмекшіміз.

Көмекбай. Онда үлгереміз ғой. (Қолындағы пакетті көрсетіп). Оған дейін мынаның басына су құйып тастайық.

Әлайдар. Көмеке, жындымысың?! Мен рульдемін, жол бойы толған «гаишниктер», мені «правадан» айрылсын дейсің бе бала-шағаны асырап отырған.

Көмекбай. Онда әлі Ниетәліңе «соткаңмен» «звонить» ете сал, ертең апарайық деп. Бір күн ерте, бір күн кеш – онда тұрған не бар? Бүгін екеуміз бір дұрыстап тұрып «бухать» етейік. Сүйт енді.

Әлайдар. Жо-жоқ, уәдені жұтуға болмайды. Оның үстіне Нәкең осы ауылдың білдей бір басшысы ғой, ұят емес емес пе.

Көмекбай. (Ашуланып) Өй, қойш, сол Ниетәлі итті әлдеқандай қылмай! Осы ауылды теспей сорып отырған обыр емес пе ол?! Соны білмейтін шығарсың. О несі тіпті, Нәкең, Нәкең деп қалыпты ғой.

Әлайдар. (Таңырқап) Әй, Көмеке, бүгін саған не болған?

Көмекбай. Маған ештеңе болған жоқ. Мен бұрынғы Көмекбаймын. Ал мына сендерге шынында да бірдеңе болған. Ал жақсы, жолың болсын, мен кеттім.

Көмекбай кетеді. Әлайдар оның артынан аң-таң болып, қарап қалады.

Екінші акт

№ 4 көрініс

Кешқұрым. Бір бөтелкіні өзімен бірге бөліп ішіп, шер тарқатысарға ауылдастарының арасынан жан баласын таба алмаған қапалы Көмекбай ақыры қайтадан өз үйінің ауласынан келіп шығады. Ол әуелі үйдегілерді мазаламау үшін аяғын ұшынан ғана басып, верандаға енеді, сонан соң дәліздің төрінде тұрған артық-ауыс ыдыс-аяқтар мен азық-түліктерді салуға арналған абажадай үлкен ағаш шкафтың ішінен қол фонарь, екі жүз елулік қырлы стакан мен бес-алты түйір тіске басар құрт алады да, оларды екі қабаттап газетке орап, тысқа шығады.

Содан кейін үйге қарама-қарсы тұрған сарайдың төбесіне сатымен өрмелеп көтеріліп, сарайдың үстіндегі жауын-шашын бола қалса, су үймелемесін деп, конус секілдендіріп шошайта үйілген маяның ығына келіп жайғасады. Астына қалың қылып шөп төсеп, пішеннің бір шетіне малдас құрып отырады. Өзінің алдына газетті асықпай дастархан секілді қылып жаяды, оның үстіне манадан бері курткасының ішкі қалтасында жүрген бір шыны арақты, жаңағы қырлы стакан мен бес-алты түйір құртты қойып, қол фонарьды жағады. Фонарьдың жарығы қараңғылықты жарып, айналасын әжептәуір сәулелендіріп жібереді. Сүйтіп бұл отырыс әлдебір жақын адамдардың табиғат аясында өткізетін романтикалық кештерін көзге елестеткендей әсер береді.

Көмекбай әуелі «енді не қылсам екен?» дегендей сәл-пәл ойланып отырады да, бір мезетте батыл түрде бөтелкенің қақпағын ашып, оның ішіндегі сұйықтықты қырлы стаканға мөлтілдетіп құя бастайды. Іле-шала көзін жұмып, қабағын тыржитып қойып, өндіршегі бүлк-бүлк етіп, ақ арақты қылқылдатып жұта бастайды. Сонан соң газеттің үстіндегі құрттардың біреуін өткір тістерімен кірш еткізіп, таңдайына басады да, екі-үш минуттай «кайф аулап» мәңгірген кісіше өзімен өзі үн-түнсіз отырады.

Көмекбай. (Сәлден кейін ептеп көңілденіп) «Сәбәкі!..» Осы иттің бір пәлесі бар-әй!.. Жанымның жай тауып, тыныштала қалғанын қараш!.. (Мырс-мырс күліп, басын шайқап). Әй, кейде өзімнің өстіп басымның істеп кететіні бар. Ойбай-ау, мен манадан бері әркімге бір «жүр, шер тарқатысайықшы аздап» деп жалынып, неменеге алтын басымды қор қылып жүрмін-ай осы?! Арағың болса, бір өзің-ақ шер тарқатуға болады екен ғой. Уһ-һ!..

Көмекбай қырлы стаканга арақты қайтадан құя бастайды. Бірақ бұл жолы жартылай. Сонан соң басына бір керемет көркем идея жарқ етіп сәтімен орала кеткендей орнынан қуана атып тұрып, сарайдың үстіндегі бұрыш-бұрыштан бірдеңелерді іздей бастайды. Сәлден соң іздегенін табады да. Бұл – бос бөтелкілер еді. Көмекбай олардың үшеуін «дастарханның» өзіне қарама-қарсы жағына қаздай тізіп қояды.

Көмекбай. Тамаша! (Екі алақанын бір-біріне ысқылап). Қараңыз да тұрыңыз, нағыз шер тарқату енді басталады!..

(Бөтелкелердің біріншісін сұқ саусағымен түртіп). Әй, сен Ниетәлі арам боласың!.. (Екінші бөтелкіге). Сен Ермек қусың. (Үшінші бөтелкіге) Ал сен былпық сарысың, яғни Әлайдарсың. Қазір сендер менің алдымда ашылып сайрайтын боласыңдар. Айтпақшы, сендер «ашылып сайрау» дегеннен хабардарсыңдар ма? «Жоқ» деймісіңдер? Әрине, үшеуің де, міне, «білмейміз» деп бастарыңды шайқап отырсыңдар. Өзім де солай ойлағам. Өзімнің бес саусағымдай білем ғой мен сендерді: үшеуің де өмірі газет-журнал, кітап дегендердің бетін ашып көрмеген қусыңдар. Адамзаттың ғасырлар бойы бал араларынша тірнектеп жинаған бүкіл ілім-білімінің сонда жатқанымен еш шаруаларың жоқ. Сондықтан бүткіл адал ниетті адам баласы осылайша ілім мен білім жинаса, сендердің жинайтындарың – қулық-сұмдық, алдау мен арбау, сол арқылы араммен болса да мал табу.

Рейтинг@Mail.ru